Көктемнің алғашқы күндерінде күн райы қандай болады

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Күнтізбе бойынша көктем жақындағанымен, кей өңірлерде қыс әлі қаһарына мініп тұр. 

Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтап, жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұр.

Тек 2 наурыздан бастап еліміздің батыс өңірлеріне циклон жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 

Айта кетелік елордада кешеден бері аяздың беті қайтпай тұр. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілген еді