Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтап, жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұр.
Тек 2 наурыздан бастап еліміздің батыс өңірлеріне циклон жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Айта кетелік елордада кешеден бері аяздың беті қайтпай тұр. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілген еді.