Көктөбе бөктеріндегі өрт сөндірілді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Көктөбе бөктерінде тұтанған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрттіңжеке секторға ауысуының алдын алдық. Тікұшақтар қайтарылды. Суды лақтыружұмыстары 12 рет орындалды. Судың жалпы көлемі 36 текше метр. Бұл, осындайжалындарды ауыздықтауда шешуші құрал болып табылды. От толығымен сөндірілді.Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы кезекшілік атқару үшін оқиға орнында қалды», - деп жазды Facebook-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментініңбасшысы Серік Әубәкіров.


ҚРІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтыңмәліметінше, далалыалқаптағы өрт сағат 19.58-де толығымен өшірілді.

Көктөбедегітөтенше жағдайды жоюға екітікұшақ жұмылдырылған болатын. Сондай-ақ оқиға орнында ТЖД-ның 42 адамы мен9 техникасы, «Алматы Тазалық» МКК-ның – екі және Алматы қалалық Құтқаруқызметінің бір суару техникасы жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар