- №1 нүкте Оңдасынов 29,
- № 2 нүкте Омаров 2а,
- № 3 нүкте Диваев 35,
Іріктелген ауа сынамаларында Медеу ауданының №1 (Оңдасынов 29) нүктесінде азот диоксиді бойынша шекті жол берілген шоғырланудан 1,2 ШЖК асып түсуі тіркелді.
Бұл асып кету елеусіз, жоғары ластану 10 ШЖК-дан асқан кезде болады. 20 ШЖК-дан асса экстремалды жоғары ластану болып тіркеледі.
Жалпы, Алматы қаласы бойынша жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелген жоқ.
11-12 тамыз аралығында Алматы қаласында құрғақ оңтүстік циклонның ықпалында болды және 2-7 м/с әлсіз желмен аз бұлтты ыстық ауа райы сақталды, бұл ауадағы ластаушы заттардың жиналуына ықпал етуі мүмкін.