Қоқыс полигонынан табылған адам мүшелері: Куәгерлерге үкім шықты
Оқиға былтыр қараша айында Бажов көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болған. Таныс әйелдің пәтерінде ішімдікке бас қойған 2 азаматтың арасында кикілжің туып, соңы қанды оқиғамен аяқталады. Күдікті шөлмектесін қолына түскен пышақпен бірнеше рет жарақаттап, өлген соң аяқ-қолын мүшелеп, қоқыс жәшігіне тастайды. Бөлшектелген адам денесін қоқыс полигонындағылар байқаған. Қаза болған адамның кім екенін анықтау полиция қызметкерлеріне қиынға соқпапты.
«Көп өтпей күдікті де қолға түсті. Ал осының бәрін біле тұра, үн-түнсіз қалған 51 жастағы келіншек (пәтер иесі) тиісті жазасын алды. Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырды» - делінген Өскемен қаласының №2 соты таратқан мәліметте.
Ал мойнына адам қанын жүктеген күдіктінің ісі ШҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында әлі де қаралуда.