Қоқыста қалған Абайдың мүсіні Өскемендегі мектептің ауласына қойылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде қоқыста қалған Абайдың ескерткіші қаладағы №33 мектепке қойылатын болды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Шығыс кентінің тұрғындарымен болған кездесуде айтты.

«Абайдың мүсінін осы жерге қоямыз. Бірақ, бір кемшілігі - ескерткіштегі бейне дұрыс жасалмаған. Қайта жөндеуіміз керек. Абайдың бейнесін қалай болса, солай жасай бермейміз ғой. Абайдың ең сәтті шыққан мүсіні Алматыдағы Республика сарайының алдында тұр. Ол Мұхтар Әуезовтың кеңесімен жасалған. Біз де сол нұсқаға сай жасауымыз керек», -деді қала әкімі.