«Нәрестені Павлодар облыстық сәбилер үйіне ауыстырды. Оның жағдайы жақсы, денсаулығы да жақсарды. Олай болмағанда, біздің орталықта қалушы еді», - деп хабарлады біздің агенттікке Павлодар облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Оспанова.
Оның айтуынша, нәрестеге заңды есім мен тек беру үдерісі сәбилер үйінде жүргізіледі.
«Оның биологиялық анасының тағдыры бізге беймәлім», - деді А.Оспанова.
Еске сала кетейік, Павлодар қаласындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған еді. Облыстың бас дәрігері Ораз Мұқашев қоқыс контейнерінен табылған сәбидің денсаулығы туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берген болатын.