Қоқыстан жасалған мүсіндер көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс суретшісі Ха Шульт өзінің Trash People көрмесін Тель-Авивке әкелді, деп хабарлады «Ассошиэйтед Пресс».

Қоқыстан жасалған 500 мүсін Ариэль Шаронның саябағында орналастырылған. Онда жақында ғана Израильдің ең үлкен қоқыс тастайтын жері болған. Адамға ұқсас мүсіндерді жасауда автор ондаған тонна түрлі қалдықтарды: компьютерлік детальдардан автокөліктердің ескі бөліктеріне дейін пайдаланған. Тель-Авивте көрме 26 сәуірге дейін болады. Өзінің экспонаттарын Ха Шульт әлімнің көптеген жерлерінде - Нью-Йоркте, Парижде, Римде Мәскеудегі Қызыл алаңда, Гизедегі Мысыр пирамидаларында, Ұлы Қытай қорғанында және Антарктикада таныстырған.