Таразда трамадолдың заңсыз айналымы әшкереленді
ТАРАЗ. KAZINFORM – Тараз қаласының прокуратурасының тапсырмасы бойынша қалалық ПБ ЕҚҚБ-нің қызметкерлерімен жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде трамадолды заңсыз өткізудің схемасы әшкереленіп, жолы кесілді.
Атап айтқанда, Алматы қаласынан Тараз қаласы мен Байзақ ауданына трамадолды заңсыз өткізу мақсатында жеткізіп отырған өзара туыстық қатынастағы тұлғалар анықталды.
Қаладағы дәріханалардың бірінде жүргізілген тінту барысында заңсыз өткізуге арналған құрамында трамадол бар сұйықтық құйылған флакондар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Көрсетілген құқық бұзуға қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының екі тумасы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар басқа да адамдарды анықтап, жауапкершілікке тарту мақсатында жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Қосымша, прокурорлық тексеріс нәтижесінде қалалық аурухалардың бірі науқастардың қажеттілігіне қарамастан сатып алмағаны анықталды.
Сондай-ақ, қаладағы емханалардың бірінде жүргізілген тексеру нәтижесімен трамадолды пайдалану бойынша тиісті есептің жүргізілмегені анықталды, бұл оның заңсыз айналымына алғышарттар жасайды.
Анықталған заң бұзушылықтарға бойынша полицямен ҚК-тің 303-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.
Прокуратура органдары психотроптық пен есірткі заттардың айналымы саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігін ескертеді және мұндай препараттардың қара нарыққа түсіп кетуінің алдын алу мақсатында медициналық мекемелерді оларды қолдануға қатысты есеп пен бақылауды күшейтуге шақырады.
Айта кетелік Алматы облысында биыл 8 есірткі зертханасы жойылған еді.