«Алматы территориясында көп адамның жиналуына, маскасыз жүруге тыйым салынған. Бұл адамдар осы талаптарды бұзған. Концерт қойған, қоқыс төккен. Олар ешқандай ұйымның санкциясын алмаған. Санитарлық талаптарды орындамаған. Қазір Полиция департаментіне нақты тапсырма бердік. Бұл азаматтардың үстінен әкімшілік іс, қылмыстық ахуал байқалса тіпті қылмыстық іс қозғаймыз», - деді Ерлан Қожағапанов.
Айта кету керек, әлеуметтік желіде Көкжайлау шатқалында сауық кешін өткізгендер туралы видео тараған болатын.