Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттықбюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айдар Тастеміровоблыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясы кезінде баяндады.
«Өкінішке орай, тұрғындар мемлекеттік қызметшілер мен түрлідеңгейдегі шенеуніктердің этика нормаларын өрескел бұзғанына шағымдануда. Жақындағана әдеп жөніндегі комиссия отырысында Успенка ауданы әкімі орынбасарыныңзаңсыз әрекеті қарастырылып, ол мемлекеттік қызметтен босатылды. Аталғаншенеунік қол астындағы қызметшілермен бірге спирттік ішімдіктер ішкен»,- дейдіАйдар Тастеміров.
Оның айтуынша, Аққулы ауданында тағы бір шенеунікқызметтік кабинетінде азаматты соққыға жыққан. Артынша кабинеттен шығып, төбелесті жалғастырған. Мұнымемлекеттік орган қызметкерлері мен үшінші тұлғалар көрген. Аталмыш іс тексеріліп жатыр.