Қолайсыз ауа райына байланысты Жетісу облысында жол жабылды

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

- 2026 жылғы 30 қаңтар сағат 11:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 2 ақпан сағат 08:30-да ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін бүгін, 30 қаңтарда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелгенін жазған болатынбыз.