3 облыста маңызды автожолдарға шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — 22 қаңтар сағат 22.00-дегі ахуалға сәйкес ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol жазды.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Алматы облысында — 1 учаске

1."Алматы-Шелек-Қорғас» 24-254 км, Ақы алу пунктінен-Жетісу обл. шек. дейін — 230 км.

(жел, нөлден төмен температура).

Жетісу облысы — 1 учаске

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст. — 100 км.

(боран, шектеулі көрініс)

Батыс Қазақстан облысында — 2 учаске

1. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к.-213 км.

1. «Атырау-Орал» 189-371 км, Атырау обл. шек-Чапаев к. — 182 км.

(жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 206 бірлік техника және 287 адам жұмылдырылды.