«Ғимараттың бүлінген жерлері тез анықталып, тиісті қауіпсіздік шаралары қолданылды. Барлық қажетті процедуралар дереу жүргізілді. «Алтын Самұрық» ғимаратының аздаған бүлінуі бір күннің ішінде жойылып, қайта пайдалануға енгізілген. Болашақта осындай жағдайды болдырмау мақсатында арнайы қадағалау жүргізілуде», - деп атап өтті Karavansaray Turkistan туристік кешенінің әкімшілігінен.
16:45, 24 Сәуір 2021
Қолайсыз ауа райы: Karavansaray Turkistan нысанындағы «Алтын Самұрық» ғимараты бүлінді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 23 сәуір күні Түркістан қаласында ауа-райының қолайсыз жағдайы салдарынан Karavansaray Turkistan нысанындағы «Алтын Самұрық» ғимараты бүлінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Karavansaray Turkistan туристік кешенінің әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.