14 қараша күні түнгі сағат 00:30-да ауа райының нашарлауына (қатты жел, боран, шектеулі жол көрінісі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы ауылы, 1330-1353 шақырым) автожолы бөлігіндегі қозғалыс тоқтады. Қарағанды облысында да дәл осы жағдай, 14 қарашаға қараған түні сағат 01:20-да «Екатеринбург-Алматы» (Теміртау қ, 1051-1142 шақырым) автожолы бөлігіндегі жол қозғалысы тоқтатылды.
Көктайғаққа байланысты сағат 05:45-тен бастап, «Астана-Қарағанды» бағыты бойынша барлық автокөлік түрлері үшін жол жабық. Сонымен бірге, борап жауған қардан Шығыс Қазақстан облысындағы жол көрінісі нашарлады. 14 қараша, сағат 06:00 бастап, «Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахманов бұлақтары» автожолы бөлігіндегі (6-66 шақырым) барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді.
08:43, 14 Қараша 2016
Қолайсыз ауа райынан Қазақстанда бірнеше жол бағыттары жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашаның 14-іне қараған түні қатты жел мен жол көрінісі шектеулі болғандықтан Қазақстанның үш өңіріндегі жолдар жабылды, сонымен бірге Астанадан Қарағандыға шығар жол уақытша жабық, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің сайты.