Өскемендік К. есімді азамат Гагарин көшесінде тұратын танысын заңсыз жолмен есірткі жасауға көндірген. Оңай ақша тапқысы келген танысы ұсынысты құп алып, К-ны қасындағы серігімен бірге пәтеріне кіргізген. Кейін олар көкнәрдің тамақ дайындау үшін сатылатын тұқымын қайнатып, буландыру арқылы есірткі дайындаған. Тұндырылған 10 грамм есірткі сұйықтығынан өзіне бір шприц қалдырады да, қалғанын екі танысына береді.
Сот азамат К-ға мүлкін тәркілеусіз үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол мемлекет қазынасына 142105 теңге сот шығынын өтеуге міндеттелді.