Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты өңірлерге мониторинг жасап қайтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұжымымен кездесіп, институт қызметінің негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ кездесу барысында құрылымдық бөлім басшылары есеп берді.

«М. Әзілханов Институт іске асырып жатқан зерттеу жобаларына назарын аударды. Институттың этносаралық салада әлеуметтанулық және аналитикалық зерттеулер жүргізу бойынша барлық өңірлер үшін бірыңғай әдіснамалық базаны қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Институт директоры Талғат Қалиев этностардың жинақы тұратын жерлеріне мониторингілік сапар нәтижелері туралы, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін нақты ұсынымдар әзірленетінін атап өтті», - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ, Т. Қалиев Институт іске асырып жатқан зерттеу жобаларын талқылау бойынша министрліктің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің қызметкерлерімен тұрақты негізде жұмыс кездесулерін өткізуді ұсынған.

Өз кезегінде М. Әзілханов жүргізіліп жатқан зерттеулерді ақпараттық кеңістікке контент-талдау жасау арқылы, статистика мен әлеуметтанулық зерттеу қорытындылары деректерімен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша М. Әзілханов Институт үшін бірқатар басым міндеттерді анықтады.