Біздің редакция аталған ведомствоға: «Қазақстан толық өзінің отандық көлігін, ұшағын, пойызын, компьютерін, ұялы телефонын және өзге де қажетті технологиясын қашан шығарады?» деген сауал жолдаған еді. Оған байланысты министрліктен мынадай жауап келді:
«Қазақстан ғылымының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешуге қосқан үлесін арттыру үшін Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2026 жылдар тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама аясында аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияланатын жобалардың үлесін 50%-ға арттыру, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жеке қаржыландырудың үлесін 50%-ға ұлғайту жоспарланып отыр».
Сонымен қатар министрлік кейінгі екі жылда қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан жаңалықтармен де бөлісті.