Қолданыстағы 15 кодекс пен 125 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі - Н. Сабильянов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолданыстағы 15 кодекс пен 125 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов мәлім етті.

Оның айтуынша, Парламент Мәжілісі 4-сессиясының бірінші отырысында депутаттар шұғыл деп жарияланған екі заң жобасын жұмысқа қабылдады. Олар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелерін көздейді. Соған сәйкес қолданыстағы 15 кодекс пен 125 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

«Аталған заң жобалары Парламент Мәжілісінің ертеңгі пленарлық отырысында бірінші оқылымда қаралатын болады», - деп атап өтті депутат.