Оның айтуынша, Жаңа Қазақстан – еліміздің дамуының жаңа векторы. Оның түсінігі мен контуры енді ғана қалыптасып, сызылып жатыр, өйткені қаңтар оқиғасынан кейін ескі үлгі бұзылды, бірақ жаңасын салу үшін біраз уақыт қажет.
«Экономикалық даму тұрғысынан алғанда, нақты жағдайымызға, мүмкіндіктерімізге, қолда бар ресурстарға, әлеуетке, жаһандық үрдістерге және жүріп жатқан геосаяси процесстерге негізделген қай экономикалық модель біз үшін ең оңтайлы екенін түсінуіміз керек. Бұл ретте мемлекеттің халықтың әл-ауқатын барынша арттыру жөніндегі ең маңызды қызметі басты басымдық болып қала береді»,-дейді ол.
Спикердің сөзінше, ұтымды және сонымен бірге өте икемді экономикалық модельді әзірлеу үшін жетекші экономикалық ғылыми-талдау орталықтарын тарту керек.
«Қиындық, менің ойымша, Қазақстан экономикасының геосаяси процестерге өте сезімтал екендігінде. Ішкі құрылымның, ішкі мазмұнның әлсіздігінен негізгі экономикалық серіктестердің кез келген әрекеті отандық экономикаға, демек, халықтың экономикалық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша, ішкі құрылым, жүйе және экономикалық механизмдер сыртқы қысымға төтеп беруге жеткілікті қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ғылыми экономикалық әлеуетті жандандыру, өзара іс-қимыл және кең талқылау арқылы біз үшін қажетті және оңтайлы, ұтымды және сонымен бірге өте икемді экономикалық модельді әзірлеу үшін жетекші экономикалық ғылыми-талдау орталықтарын тарту өте маңызды»,- дейді Әсел Әбен.
Сонымен қатар, ол жаңа саясатты құру үшін бірқатар ұсыныс айтты.
«Ол үшін, менің ойымша, біріншіден, экономиканың барлық салаларында атқарылған істерді және бүгінде қандай оң нәтижелерге қол жеткізгенін ретроспективті талдау қажет. База мен тірек нүктелерін анықтай отырып, біз одан әрі өсу үшін кеңістікті босатып, жаңа саясатты құра аламыз. Сонымен қатар, қолданыстағы экономикалық жүйе мен қатынастарды қайта құрылымдау қажет. Бұл - қоғам үшін де, мемлекет үшін де өте ауыр болуы мүмкін. Бірақ онсыз ескі жүйеден шығу және кету мүмкін емес, өйткені бізде қарапайым және эволюциялық дамуға уақыт жоқ»,- деп түйіндеді спикер.