Қолданыстағыдан 3 мың есе шапшаң ғаламтор пайда болды

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Израиль мен АҚШ ғалымдары бірлесіп, өте жылдам ғаламтор ойлап тапты. Егер бұл технология күнделікті өмірге енетін болса, ғаламдық желімен секундына 2,5 терабит ақпарат алмасуға мүмкіндік туады.

News.ge порталының хабар­лауын­ша, Тель-Авив және NASA аэ­роғарыш агенттігінің Оңтүстік Кали­форния университеттері ғалымдары интернеттің сымсыз желісінің шама­дан тыс жылдам технологиясын жа­сап шығарды. Ол ақпарат алмасудың жылдамдығын қазіргіден 3000 есе­ге арттырып отыр. Мұндай шапшаң­дықпен ғаламдық желіден Blu-ray стандартындағы фильмдерді бір секундта-ақ жүктеп алуға болады. Демек, сол қас-қағым сәтте мың­да­­ған құжат пен мәліметтер алмасып жатады деген сөз. Бұған қоса, жаңа технология бойынша бір емес, бірнеше арнамен ақпарат алмасу мүмкін болып отыр.

Алаш айнасы