Көлемді антициклон Қазақстанның барлық дерлік аумағында ықпалын сақтап қалады - 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы
деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын жел 18-23 м/с-қа дейін күшейіп, кейде 28 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысының жекелеген аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде тұман болады деп күтілуде.
Маңғыстау, Атырау, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, түнде Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жақын тәуліктерде Орал (БҚО бойынша), Есіл, Тобыл, Ертіс өзендерінде мұз құрсауының одан әрі көбесінің сөгілуі мен еруі күтіледі. ШҚО өзендері мен бұлақтарында мұз еріп, сең жүруі, беткейлік ағындардың, мұз бөгелістерінің құрылуы, тасқындар мен су басулардың орын алу мүмкіндігі зор. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өзендерінде су деңгейінің ауытқулары байқалады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында тасқындардың күшеюі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде су деңгейі көтеріліп, тасқындар мен су басулар орын алуы да мүмкін.