Көлеңкелі бизнеспен күрес: Қаржы министрлігі тауарларға онлайн-мониторинг жүргізбек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өндірістен енді ғана шыққан немесе импортталып келген кез келген өнімге тұтынушыға жеткенше онлайн-мониторинг жүргізу керек. Қаржы министрлігі көлеңкелі экономикамен осылай күресуді жөн көріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, бизнесті көлеңкеде жүргізу – жағымсызпиғылдылардың ісі. Екіншіден, салықтан жалтарғандар өз бизнесін жасырынжүргізгісі келеді. Бірақ, ондай көлеңкелі бизнес өкілдері Мемлекеттік кірістеркомитеті келіп, келешекте одан да үлкен проблема туындатуы мүмкін екенін ұмытыпкететін болуы керек. Менің ойымша, қазіргі таңда салық төлеп, бизнесін ашықжүргізіп отырған кәсіпкерлер өз бизнесін жабық жүргізіп, жасырын көлеңкеге«кіріп кетіп» отырғандардан шығын көріп отыр. Сол себепті, бәсекелі орта болуыкерек. Яғни, жауапты бизнес өкілдері өзі секілді бәсекелестерімен жарыса жұмысжүргізуге мүмкіндік алуы тиіс. Сонда ғана Қазақстанда дұрыс нарықтық орта жұмысжүргізер еді», - деді ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Үкіметтіңбаспасөз орталығында.

Оның айтуынша, еліміздегі көлеңкелі экономика сауда, құрылыс саласын жаулапалған. «Біз қандай шара қабылдап жатырмыз? Қазақстандағы өндірістен енді ғанашыққан немесе импортталып келген кез келген өнімге тұтынушыға жеткенше онлайн-мониторингжүргізілуі керек. Тауардың қозғалысына толыққанды мониторинг бастаймыз. Осықадам толық ашықтықты қамтамасыз етіп, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетеді», -деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар