Заң жобасында көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жасау мақсатындағы қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзбесiн кеңейту жөнiндегi шаралар көзделген. Сонымен қатар, құжатта заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылдың құқықтық тетiктерiн жетiлдiру қарастырылып отыр.
Мәжіліс депутаттары құжатты талқылау барысында «ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күмәндi операциялар» деген ұғымды өзгерту бойынша түзетулер, сондай-ақ оларды анықтау рәсiмдерiн енгiздi. Атап айтқанда, «корреспонденттiк қатынастар» және «бенефициарлық меншiк иесi» деген ұғымдар нақтыланды. Клиенттердi (олардың өкiлдерiн) және бенефициарлық меншiк иелерiн тиiсiнше тексеру шараларына, сондай-ақ iшкi бақылау қағидаларына қойылатын талаптар жетілдіріліп отыр.
Бұдан бөлек, заң жобасымен қаржы мониторингi субъектiлерi үшiн клиенттердi тиiсiнше бақылау шараларын қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғалар iскерлiк қатынастар орнатудан бас тарту мiндетiн белгiлеу қарастырылып отыр.
Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенаттың талқылауына жолданады.