Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қаңтарда «Қостанай - Әулиекөл – Сурған» автожолында Әзербайжан азаматы басқарған жүк көлігі жолдан шығып кеткен. Көлікте 20 тоннадан астам жасымық тиелгендіктен жүргізушінің өз бетінше жолға шығу әрекеті сәтсіз болып, көлік бір бүйіріне қисайып қалған.
«Тұлпар-16» жол-патрульдік полиция экипажы, аға лейтенант Санжар Қожеғұлов пен лейтенант Иван Захаров шетелдік азаматқа көмекке келді. Арада төрт сағат өткен соң полиция қызметкерлері қажетті құрылғылары бар басқа да арнайы мамандардың көмегімен жүк көлігін жол жиегіне шығарды. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары көлікке тиелген жүк көлігінің сақталуын ғана емес, өзге көлік құралдары үшін де жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сапарын жалғастырмас бұрын, әзербайжандық жүргізуші Сархан Мамадов ақмолалық тәртіп сақшыларына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Астана-Петропавл» трассасында бірнеше көлік соқтығысып, бір адам көз жұмғанын жазған едік.