Көлге балық аулауға кеткен әке мен бала қайтып оралмады
08:49, 14 Қараша 2013
АТЫРАУ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Атырау облысының Құлсары қаласының тұрғындары - көлге балық аулауға кеткен әке мен бала жоғалып кетті.
ТЖ бойынша департаменттен хабарлағандай, 49 жастағы ер адам 22 жастағы ұлымен Қамыскөлге балық аулауға резеңке қайықпен шыққан. Бірнеше сағат өткеннен кейін олар үйге келмеген соң, туған-туыстары алаңдай бастаған. Іздеу барысында көлден үшкір бір нәрсеге тесілген қайық пен балықшылардың киімдерінің бір бөлігі табылған.
Іздеу жұмыстарына 6 сүңгуір қосылды. Алайда әзірге нәтиже жоқ.