«Болжам бойынша жыл сайын еңбек нарығына 300 мың жас маман келетін болды. Оларды жұмыспен өалай қамтамасыз етеміз? Бұл мәселе бойынша арнайы бағдарлама бар ма?», - деп сұрады Президент Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде.
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің сөзінше, биыл наурыз айында тұжырымдама қабылданған.
«Биылдың өзінде 200 мың жас жұмыспен қамтылады. Бұл жаңағы «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», сонымен бірге шағын несиелер. Сондай-ақ ұжымдармен бірге бос жұмыс орындарына жастар жіберілетін болады», - деді вице-Премьер.
Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.