Көлгінов Қараөткелдегі әскери бөлім аумағында тұратын отбасылармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қараөткел (Ильинка) кентінде орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Әскери бөлімаумағында әскери қызметшілердің отбасыларына арналған 104 пәтерлік тұрғын үйсалынған. Мұнда жалпы 350-ден астам адам тұрады.Қалашықтың аумағы 20 гектарды құрайды.

Кездесу барысындатұрғындар көше жарықтары, дәріханалар мен жаяу жүргіншілер өтпелері жоқтығын, сондай-аққоғамдық көлікпен проблемалар барын жеткізді.

Бұдан бөлек, көптегенотбасында балалар өсіп келеді. Ал мектепте орын жеткіліксіз.

«Келесі жылғажоспарлау үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау қажет. Айтқанұсыныстарыңыз ескерілетін болады. Мәселелерді жан-жақты зерттейміз», - деді А.Көлгінов.

Әскери бөлімніңаумағында үш казарма, штаб ғимараты, күрес және жаттығу залдары бар екі қабаттыспорт кешені, екі асхана, ойын-спорттық алаңдар, мультимедиялық ату тиріорналасқан. Сондай-ақ лазарет, кинологиялық қалашық жәнемәдени-сауық орталығы бар.