Көлгінов LRT жобасы туралы: Орта жолдан қалай тоқтатамыз

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дамыған қоғамда адамдардың көбі қоғамдық көлікпен жүреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда жобаны оңтайландыру арқылықұрылысы шығынын азайту бойынша жұмыс басталған.

«Қазірдің өзінде қаншама жұмыстар жасалып қойды. Бұлжоба – болашақтың жобасы. Ел астанасы әлі өсетіні анық. Бұрын қандай қалай еді,қазір қандай қала? Халқы осынша өсетінін ешкім болжай алған жоқ. Дамыған қоғамда адамдардың көбі қоғамдық көлікпен жүреді. Аспалытеміржол – соның бірі», - деді елорда әкімі бүгінгі жиыннан кейін журналистергеберген сұхбатында.

Ол сондай-ақ, жобанықайта қарау кезінде Президент айтқансынның бәрі ескерілетінін жеткізді.

«Сын айтылды. Ендісоның негізінде жұмыс істейміз. Орта жолдан қалай тоқтатамыз? Халықаралықміндеттеме деген бар. Ең бастысы, құрылысты сауатты әрі сапалы етіп жолға қою керек. Ақшасы менинфрақұрылымын нақты мамандар есептейтін болады. Жобаның құны қысқаруы мүмкін»,- деді Алтай Көлгінов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан LRT -ның құрылысы уақытша тоқтатылған болатын. Сонымен қатар, биыл көктемде Әлихан Смайылов елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табатынын айтқан еді. Сондай-ақ, кейін LRT құрылысының қашан нақты аяқталатыны белгілі болды. Сондай-ақ, Президент LRT құрылысына нүкте қоюды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар