Көлігі жол жиегіне шығып кеткен жүргізуші Самара - Шымкент тасжолының бойында 6 күн отырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолының 797-ші шақырымында Volvo көлігін тізгіндеген Қырғызстан азаматы рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік тиелген жүк көлігін жолдың жиегінен шығару мүмкін болмады, бірақ полицейлер жүргіхушінің жағдайын, тамақ пен суының бар-жоғын сұрап тұрған.

9 қаңтарда полицейлер мен «Қазавтожол» АҚ қызметкерлерінің бірлескен күшімен жүк көлігі арнайы техниканың көмегімен жолға сүйреп шығарылды.