20 жастағы жас жігіт кіші Желтоқсан көшесімен Әл-Фараби даңғылына қарай бағыт алған. Бұлвидео Instagram желісінде таралды.
Полиция жүргізушіге қатысты 8 әкімшілік хаттама толтырды.
«Бұл жолы жол ережесін бұзған 20 жастағы жасөспірім болып шықты. Жақсы кадршығару үшін жол ережесін бұзған. Енді бұл әрекеті үшін ол 134 мың теңге айыппұлтөлейтін болды. Жүргізілген профилактикалық шаралардың арқасында осындай ережебұзушылықтың қатары азайғаны рас. Көбінесе жас, тәжірибесіз жүргізушілеросындай әрекетке барады. Бұл жүргізушімен де мамандар сөйлесетін болады. Алоның көлігі айып тұрағына жіберіледі», - деді ПД Әкімшілік полициябасқармасының басшысы Серікжан Әбжанов.
Сонымен қатар, жүргізушінің көлік басқаруға рұқсат беретін құжаты болмаған.