Көлігіне киік етін тиеген қарағандылық ұсталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық табиғатты қорғау полициясы көлігінде киік етін тасымалдап бара жатқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 тамызда табиғаттықорғау полициясы заңсыз киік аулаудың алдын алу және жолын кесу бойыншажүргізілген іс-шаралар барысында «Жезқазған-Есіл-Петропавл» тас жолының бойындаСәтбаев қаласының аумағында Қарағанды қаласының 47 жасар тұрғыныныңбасқаруындағы «Тайота-Сюрф» автокөлігін тоқтатты.

«Көліккежүргізілген тексеріс жұмыстары барысында автокөліктің жүк салғышынан 2 пакеткеоралған ет тәркіленді. Көлік жүргізушісі табылған еттің киік еті екенін жәнеоны белгісіз азаматтан сатып алғандығы туралы түсініктеме берді», - депмәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Аталған дерекбойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардыңсирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйымсалынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тиістісараптама тағайындап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар