Бүгінгі күні жобаны автокөлік өндіруші 15 кәсіпорын қолдап отыр. Бұл жүйенің жұмыс істеу принципі қарапайым. Ауаны бақылаушы арнайы құрылғы алкоголь иісін сезсе, ол ақпаратты борттық компьютерге бағыттайды.
Екінші деңгейдегі құрылғы көліктің рөліне орнатылады, яғни алақан оған тигенде қан құрамындағы алкоголь анықталады.
Үшінші деңгейдегі шаруаны арнайы камералар тындырады, ол адамның бетінің түсі мен іс-әрекетіне байланысты оның қандай жағдайда екені туралы шешім шығарады.
Осы жүйелердегі ақпараттар негізінде компьютер қорытынды шешім қабылдайды. Басқаша айтқанда, ішімдікке сылқия тойып, көлікке отырмақ болған жүргізушінің көлігі от алмайды.