Газеттің жазуынша, оқыс оқиға дүйсенбі күні ел батысындағы Валье-дель-Каука департаментінің Ла-Кумбре муниципалитетінде болған.
Жүргізуші көлікті басқара алмай, спорт алаңында жүрген бір топ адамды қағып кеткен. Жарақаттанғандардың оны - бала. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.
Жергілікті билік оқиға себептерін тексеруге кірісті. Алдын ала деректерге қарағанда, көліктің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.