Көлік апатынан 19 адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада автобус жүк көлігімен соқтығысып, 19 адам көз жұмды, тағы бірнешеуі жарақат алды.

Оқиға Сан-Мартин қаласының маңында болды. Болжам бойынша жүк көлігінің жүгізушісі қарсы жолға шығып кеткен. Өртенген көліктердегі жолаушылардың түгел дерлігі тірідей жанып кеткен. Қазір жарақат алғандарға көмек көрсетілуде, деп жазады 24.kz.