Бұл туралы Кира Ударцева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Катяны алғаш көргенімде.... ол өте нәзік, жаны жаралы еді. Танысып, шүйіркелесіп кеттік. Содан бері оның әдемі, жас, ақылды адам екенін түсіндім. Ол әлсіздігіне қарамай барлығын жеңіп шығатын болады», - деді К. Ударцева.
Оның айтуынша, алғашқы сабақтар оңай болмады. Басында ерікті жаттықтырушы ағзаға көп күш түсірмеу үшін аз-аздан жаттығу бастаған.
«Пневмоторакстың қиындықтарын артта қалдырдық. Қол, мойын, арқаны шынықтырдық. Катя демалу жаттығуларын жақсы меңгеріп алды. Бүгіннен бастап жүктемені көбейте бастадық. Нәтиже болатынына сенімдімін. Мен Катяны мақтан тұтамын!» - деді Кира Ударцева.
Оның айтуынша, Екатерина жаттығудан жалыққан емес. Мұндай жаттығулар адамның бұлшықеттерін протез киюге дайындайды.
Еске сала кетейік, жол апаты 16 маусымда Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында болған. Honda CRV тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry көлігін автобус соққан. Соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып келіп Honda CRV көлігін соғады. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылған болатын. Ал екінші қыз №7 қалалық ауруханананың неврология бөліміне жатқызылды.