Көлік апатынан «Шахтер» футболшысы ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Донецктің «Шахтер» футбол клубының ойыншысы Перейра де Оливейра Майкон автокөлік апатынан мерт болды.

Бұл туралы украиналық команданың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Ол талантты футболшы еді. Перейра де Оливейра Майконды ашық әрі игілікті адам ретінде таныдық. Ол өмірге құштар жан болатын. Мезгілсіз қаза біздің қатарымыздан жақсы адамды алып кетті»,-делінген таратылған хабарламада.

Майкон 1988 жылы Рио-де-Жанейрода туған. Ол алғаш рет «Шахтер» ФК-мен келісімшартқа 2012 жылдың шілдесінде отырған.