Көлік барымташылары үш баланың ажалына себепкер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жол талғамайтын көлікті ұрлаған қылмыскерлер Филадельфияда бір топ адамды қаққан.

Салдарынан үш бала қаза тауып, тағы екі адам ауыр жараланды, деп хабарлайды Associated Press .

Полицияның мәліметтеріне қарағанда, апат 25 шілде күні таңертең орын алған. Екі ер адам тапаншамен қорқытып, автомобильдің иесін артқы орындыққа отырғызған. Олар 1,5 шақырымдай жүргеннен соң рульге ие бола алмай, жеміс-жидек дүкенінің алдында тұрған топ адамды қағып кеткен.

Апат салдарынан жеті ж әне сегіз жасар екі бала, сондай-ақ 25 жастағы қыз оқиға орнында мерт болды. Олардың бәрі бір-біріне туыс жандар болып шықты, деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Көлік барымташылары іздерін жасырып үлгерген. Полиция қылмыскерлер жайлы қандай да бір ақпарат берген жанға 60 мың доллар сыйақы беретіндіктерін хабарлады.