Көлік барымташысы бір тәулікте бес автомобиль айдап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Ямало-Ненецкий автономиялық округінің Салехард қаласында бір тәуліктің ішінде бес көлікті айдап кеткен күдікті ұсталды.

 Бұл туралы ЖҚҚМИ өңірлік басқармасында хабарлады.

Ол тәулік ішінде 5 көлік айдап кеткен  және көлікке кіру еш қиындық тудырмаған: жас жігіт машинаға мініп, қаланы айналып жүріп, бірін қалдырып, екінші көлікке мініп жүре берген, деп хабарлады РИА Новости.

 «Барлық жағдайда ол оталдыратын кілттерін қалдырып кеткен көліктерді  пайдаланған, әрі, көліктерінің есіктері де ашық қалған», - деді автоинспекцияда.