Форумға 14 елден 350-ден астам делегат қатысуда. Жиынды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов ашты.
«Бүгінгі таңда елімізде көлік дәліздерінің тармақталған желісі бар. Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік беретін негізгі халықаралық көлік желілерімен байланысы өте тығыз. Қолданыстағы транзиттік бағыттарды дамыту және жаңаларын құру, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту біздің елдер үшін тиімді және осы тараптағы жұмысты одан әрмен жалғастыру өте маңызды», – деді вице-министр.
Ол, сондай-ақ, Ақтау теңіз порты базасында контейнерлік хабты құру жобасын айтты.
«Контейнерлік хабты құру жобасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілді. Жобаның жалпы құны 10,4 млрд теңгені құрайды. Оны іске асыру Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүктерді тасымалдау жылдамдығын және Түркменбашы – Ақтау – Қытай транзиттік дәлізінің өткізу қабілетін дамытуға мүмкіндік бермек», – деді Алмаз Ыдырысов.
ҚР ИИДМ вице-министрінің айтуынша, барлық көлік дәліздеріндегі құрылыс жұмыстары 2030 жылға қарай толық аяқталмақ.
Айта кетейік, екі күнге жалғасатын бизнес форум аясында «Көлік және логистика» Қазақстандық халықаралық көрмесі де өтеді.
Фото: news.myseldon.com