Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл алты ай ішінде мопед мен самокат айдаушылар арасында 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шекті. Сондай-ақ самокат тізгіндеген 1 адам қаза болды. Оқиға 10 маусым күні Марков көшесінде болды.
«Жолда самокатпен келе жатқан 27 жастағы бойжеткен тоқтап тұрған көліктің есігіне соғылып, алған жарақатынан көз жұмды», - деп атап өтті ведомстводан.
Бұған дейін Алматыда Терренкур аумағында электросамокат қозғалысына тыйым салынғаны туралы жазған болатынбыз.