Көлік иесі жолды күтіп ұстамаған «ҚазАвтоЖолдан» 8 млн өндіріп алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан-Петропавл» трассасында жол апатына түскен көлік иесі жолды күтіп ұстамаған «ҚазАвтоЖол» компаниясынан 8 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалықсоты таратқан ақпаратқа сәйкес, 2018 жылдың қаңтар айында «Нұр-Сұлтан-Петропавл»бағытындағы жолдың 82 шақырымында «Skoda Rapid» пен «Skoda SuperB» маркалыавтокөліктер соқтығысқан. Салдарынан «Skoda Rapid»-тің жолаушылары Ақмола облысының Шортанды және Ақкөлаудандарының орталық аудандық ауруханаларына әртүрлі дене жарақатымен жеткізілген.Кейіннен бір жолаушы көз жұмды.

Ақмола облыстықПолиция департаменті ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (жолаушы өліміне алып келгенжол апаты) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірақ «SkodaRapid» жүргізушісінің ісінде қылмыс құрамының болмауына байланысты соталдытергеу тоқтатылды. Көлік иесі жолаушыларға, оның ішінде қаза тапқан жолаушыныңжұбайына материалдық шығын мен моральдық зиянды толығымен өтеп берген.

«Skoda Rapid»маркалы көліктің нарықтағы бағасы 2 894 000 теңге деп бағаланған. Көлік қайтақалпына келтіруге жатпайды. Осыдан кейінкөлік иесі Есіл аудандық сотына «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-дан 8 194000 теңге көлемінде шығынды өндіріп беру туралы арызбен жүгінді. Бұл сомағажолаушылар мен көз жұмған жолаушының жұбайына төленген ақша және қалпынакелтіруге жатпайтын көліктің құны енгізілген», - делінген елорда соты таратқанақпаратта.

Нәтижесінде сот«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы көлікапаты болған күні жолды қардан аршу бойынша да, көктайғаққа қарсы да ешқандай шара қабылдамағанын анықтаған.

«Сондай-ақ аталмышжол учаскесінде қозғалысты жабу немесе жылдамдықты шектеу бойынша да ешбір шарақолданылмаған. Сот шешімімен«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамынан «Skoda Rapid» иесінің пайдасына көрсетілген шығын сомасы өндірілді. Шешім заңды күшінеенді», - делінген ресми ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар