ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 14 ақпанда түнгі сағат 2-де А.Байтұрсынов көшесі бойында болған. Құтқарушылар «Ауди» маркалы көліктің ішінде қысылып қалған жүргізушіні аман алып қалды.
«Біздің қызметкерлер көлік апатынан зардап шегушіні құтқару үшін гидравликалық құрал-жабдықты пайдаланды. Осылайша оны көлік ішінен босатып алды. Ол үшін көлік металлдарын кесуге тура келді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.
Көлікте қысылып қалған азамат 1987 жылы туған. Оған медициналық көмек көрсетілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.