Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 жасар қыз ауыр халде жеткізілген.
«Ол 5 күн жансақтау бөлімінде жатып, ес жимаған күйінде жан тапсырды. Анасы әлі қалалық ауруханада ауыр халде жатыр», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, 12 ақпанда Қостанайдағы КСК шағын ауданында ана мен баласын көлік қағып кеткен болатын.