Көлік картасын қолданушылар саны күрт көбейді - AstanaLRT

АСТАНА. ҚазАқпарат - Компания 1 шілде 2018 жылы көлік картасының үлесі - 36%, ал 31 шілдеде - 89% болғанын атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астана LRT» электронды төлем жүйесінің 21 шілде мен 5 тамыз аралығындағы статусы туралы хабарлады. Он күн ішінде көлік картасын ұстаушылар екі есеге көбейген. 

«Дифференциалды тарифті енгізгелі жұмыс күндері жолаушылар ағыны 530 мыңнан 580 мыңға дейін көбейгені байқалған. Яғни транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге ұлғайды»,- делінген «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Компания көлік картасының үлесі 1 шілде 2018 жылы - 36%, ал 31 шілдеде - 89% болғанын айта кетті. Қоғамдық көлікке электронды төлем жүйесін енгізгелі жыртылып берілетін билеттер азайған, егер 1 шілдеде 239 365 дана болса, 31 шілдеде - 53 027 билет берілген. 

«445 262 адам шілденің соңғы күндері картаны валидация жасаған, оның ішінде 260 548 - жалпы тарифтегі валидация, 64 444 - қайта мінген, 43 336 - айлық жол жүру, жеңілдік валидациясы - 76 934», - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Сонымен көлік картасының үлесі 21 шілде мен 5 тамыз аралығында 89%  жеткен. 

Сондай-ақ жұмыс күндері орта есеппен жолаушылар ағыны 580 мың жолаушыны құраған, ал демалыс күндері - 418 мың. 

 «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі ұсынған мәліметте жолаушылардың 65%-ы RTVM-терминалын, 15% - мамандандырылған кассаны, 14% - QIWI-терминалдарды, 6% - kaspi.kz пайдаланған. 

Айта кеткен жөн, көлік картасы бір ғана жолаушыға жол ақысын тіркеуге мүмкіндік береді. Ал жарамдылық мерзімі - 5 жыл. Кепілдік мерзімі - 2 жыл. «Транспорт әмияны» тарифі бойынша жүктелген қаржының пайдалану мерзімі шексіз. 

-Сонымен қатар балама жүйе ретінде көлік құралындағы терминал арқылы жүргізушіге бір реттік жолақы құжатына (билет) қолма қол жол ақысын төлеу мүмкіндігі қарастырылған. 

Көлік картасын бір мезетте бірнеше тарифке жүктеудің;  қосымша төлемсіз басқа автобусқа мінудің мүмкіндігі.  Бұдан басқа, ЭТЖЖ келесідегі жол құжаты түрлерін ұсынады: қағаз түріндегі бір реттік жол жүру құжаты, бір ғана жүруге есептелген және бір ғана сапарға жарамды және сол билет берілген көлік құралының ішінде ғана; толтырылған көлік картасын (пластик) әртүрлі тарифке жүктеудің мүмкіндігі арқылы ұзақ уақыт пайдалану; мектеп транспорт картасы; жеңілдік транспорт картасы; транспорт билеті (шектеулі жол жүруге арналған толық толтырылмаған жұмсақ көлік картасы).