Көлік картасын жоғалтқан астаналықтар ақшасын қайтарып ала алады
02:36, 21 Сәуір 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - City Transportation Systems көлік компаниясы көлік картасындағы ақшаны қайтаруға қатысты ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жолаушылардың ақша немесе пайдаланылмаған тарифі бар көлік картасын жоғалту жағдайлары жиі кездеседі.
«Осындай жағдайға ұшырасаңыз елордадағы Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан орталық кассаға барып, карта ішіндегі ақшаны талап етуге құқылысыз. Дегенмен көлік картасындағы теңгерім ақшаны transcard.kz сайтында жеке кабинеттде көлік картасын негізгі ретінде тіркеген пайдаланушы ғана ала алады. Егер карта тіркелмеген болса, біз сіздің қаражатыңызды қайтара алмаймыз, өйткені карта сізге тиесілі екендігі туралы ешқандай дәлел болмайды» деп ескертеді компаниядан.
Картаны cabinet.transcard.kz сайтында немесе Transcard мобильді қосымшасы арқылы тіркеуге болады.