Көлік қозғалысына шектеу қойылады

None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Асфальт төсеуге байланысты бүгін, маусымның 23-і күні елордамыздың Жеңіс даңғылынан Мәскеу көшесінен бастап Бөгембай батыр даңғылына дейін қозғалыс толықтай шектеледі.

Құрылысшылардың айтуынша, бұл көшелердегі қозғалыс бүгін кешке қарай қайта басталады. Соымен қатар, құбырларды төсеуге байланысты Уәлиханов көшесінің Бөгембай даңғылынан бастап, Жангелдин көшесіне дейінгі жол қиындысы тарылады, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметінен.

Кесу жұмыстарын жүргізуге байланысты Б.Момышұлы көшесінен Қарағанды тас жолынан бастап, М1 көпіріне дейін қозғалыс ішінара шектеледі, сондай-ақ, асфальт төсеуге байланысты Тұран даңғылындағы Қорғалжын тас жолынан бастап, Сығанақ көшесіне дейін қозғалыс жартылай шектеледі.

Сонымен қатар, бұрынғыдай жылу желілерін төсеуге байланысты Сейфуллин көшесінен Кубрин көшесіне дейінгі Күмісбеков көшесінің учаскесі толықтай жабық тұр.