Көлік мәселелеріне қатысты түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылады

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін  Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі - Аманғос Өтегенов.

Заңға енгізілетін толықтырулар туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек баяндап береді.

Заң жобасының мақсаты темір жол, автожол дәне автокөлік салаларындағы, сондай-ақ ішкі су көлігі мен сауда мақсатында теңізде жүзу салаларындағы заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру болып табылады.