Көлік мінген мас әйел 7 адамды басып кетті

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Старая Купавна қаласының аудандарының бірінде қоғамдық көлік аялдамасына соқтығысқан мәскеулік мас әйел болған.

Бұл жайында бүгін Интерфакске құқық қорғау органдарынан мәлім етті.

24 жастағы мәскеулік Екатерина Заул жол апатынан кейін бірден Старая Купавнаның полиция бөлімшесіне жеткізілген. Тексеру барысында оның ішімдік ішкендігі белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға кеше кешкісін Мәскеу облысының Ногинск ауданында орын алған еді. Range Rover жол талғамайтын джипінің рөліне ие бола алмай қалған әйел аялдамаға соқтығысқан. Апат салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.