деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 7 қыркүйекте Ресей Федерациясының Ярославль қаласындағы орын алған ондаған адамды ажал құштырған авиациялық апат ұшақтардың бұл түріне ерекше көңіл бөлуге себеп болды.
Қазіргі таңда Қазақстанда «SCAT», «Irtysh-Air» және «Авиа-Жайнар» авиакомпаниялар 4 Як-42 ұшағын жолаушылар тасымалында пайдалануда.
Соңғы оқиғаны ескере отырып, көлік және коммуникация министрлігі аталған компанияларға ұшақтарға шұғыл түрде ұшу жарамдылық нормаларына сәйкес болуына техникалық тексеріс жүргізіп, техникалық жағдайы және ұшуға жарамдылығы жөнінде актілер жасау жөнінде нұсқау жолданды.